Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  78


Автор: Мырзатай Болат

АПТЫҚ

Көп адам –желдің желбең ебелегі...
Туа сап – Күнді қуып жөнеледі!..
Жүргенде: «Әне, жетем! Міне, жетем!..»-
Босайды буынының «шегелері»...
«Апыр-ау, бұл жүгіріс не береді?..
Мұрса жоқ!.. Маңдайдан – тер себеледі!
Алқынып екі өкпесі түске жетпей –
Байғұстың еріндері кезереді!..
Түс қайта- қажығаны сезіледі...
Жүйкелеп, еңсе шіркін езіледі!..
«Жоқ,-дейді,- жер-жаһанда Күннен озған»-
Бұл кісі кімге өкпелеп, егіледі?..
«Сорлым-ау!.. Аптығың бас! Күн кешкірді!..»
(Осы өзіме де мұңды естілді)...
Алақтап – аспан жақтан не қарайсың?..
Әдет қой есек дәме... Бұл да ескірді!..
Күн батса: «Ертең тағы шығамын!..»- дер...
Тағдырың: «Сені – жерге тығамын!»-дер...
«Адамдар – бойына шақ іске ұмтылсын!» -
Балаға осыны айтың, мұғалімдер!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу