Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  94


Автор: Мырзатай Болат

МӘҢГІЛІК ЗАҢЫ

Шыдатпай кәрі жыны – ынтазары,
Жел- апам бүгін қауырт жүн сабады!..
Қарт бура – Каспий тағы шыға келді –
Тарпынып, үркіткендей су табаны! -
Құтырып, күмпілдетіп мың сабаны –
Жайқыным арсы-күрсі үн салады.
Зау толқын атылғанда қарауытып –
Шекесін тентек судың күн шалады...
Табиғат – қара дауыл құрсанады –
Кім оған қарсы келіп, «мін» тағады?..
Жағалау ағал-жағал. Сақау жартас –
Аспанға үнсіз ғана мұң шағады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу