Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  87


Автор: Мырзатай Болат

БІР ЖАРЫҚ...

Көзіңде бақыт – нұр барын –
Ақының болып жырладым.
Арманға толы сөзіңді –
Шәкіртің болып тыңдадым.
Бұл – мендегі бір сыр, жаным!..
Тумаған әлі жыр үшін,
Жармаған бүршік гүл үшін!..
Бір жарық алдан шақырар
Қол бұлғап маған күні-түн.
Бұл – менің жаным, үмтім!..
Күй болсаң - сені тартайын,
Жыр болсаң – сені айтайын.
Ұйқыңнан тәтті оятып,
Мазаңды алам таң сайын...
Бұл – менің даусым, айқайым!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу