Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  76


Автор: Бірғали Байекеев

ӘЛДИ ӘНІ

Батып кетті ай мана,
Маужырайды айнала.
Ұйықтай қойшы, бөпешім,
Бесігіңде жай ғана.
Қайырмасы:
Тынышталып жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Мазаң кетіп қалды ма,
Тербетейін алдыма.
Ұйықта, жаным, ұйықташы,
Көзің жұмып қалғы да.
Қайырмасы:
Ақ бесікте ырғал да,
Бөле ғажап сырларға.
Жыламашы жүрегім,
Елің тыныш тұрғанда.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу