Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  54


Автор: Бірғали Байекеев

ТУҒАН ЖЕР

Туған жер- тал бесігім
Аңыздан жаратылған.
Есімде қалды есімің,
Еңкеймес дара тұлғаң.
Қайырмасы:
Қалайша жасырамын,
Әлпештеп асырадың.
Сағынып, асығамын,
Өзіңсің асыл әнім,
Асыл әнім, туған жер!
Самғайын айдыныңа
Ақ қанат шағаладай.
Жарасып байлығыңа
Түрленер дала-маңай
Қайырмасы:
Жымыңдап тіл қатады
Көгіңде жұлдыздарың.
Шаттық ән шырқатады,
Бақытты ұл-қыздарың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу