Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  120


Автор: Бірғали Байекеев

ӘБІШ АҒА – ӘН АҒА

Тұлғаңыз батырлардың тұлғасындай,
Сөзіңіз даналықтың сұлбасындай,
Ойыыңыз мұхиттардың тереңіндей,
Құнары асыл астың тұнбасындай.
Қайырмасы:
Мақтанышы өзіңсің
Маңғыстаудай өлкенің,
Көнелердің көзісің
Көнермесем-көркемім.
Өсем деген ұланға
Өнегелі өмірің.
Ұшам деген қыранға
Қанат-сенің көңілің.
Жаныңыз дарқандықтың өлшеміндей,
Бағыңыз ертегінің семсеріндей,
Жазылған том-том болып кітаптарың,
Бүтін бір дүниенің бөлшегіндей.
Қайырмасы:
Мақтанышы өзіңсің
Маңғыстаудай өлкенің,
Көнелердің көзісің
Көнермесем-көркемім.
Әбіш аға – ән аға,
Нұр құясың санаға,ғибаратты ғұмырың
Үлгі әрбір балаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу