Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  87


Автор: Бірғали Байекеев

МАҢҒЫСТАУЫМ МАҢЫЗЫМ

Қасиеттің кең түбек, баба далам,
Әулиелер мекендеп аралаған,
Бұл өлкеде би де өткен, ақын да өткен,
Көмейінде жампоз жыр балалаған.
Қайырмасы:
Ән мен жырдың тиегі,
Күй елі,
Ұрпақтарың сүйеді,
Тек өзіңе қадірлеп бас иеді,
Туған жерім


Маңғыстауым киелі.
Батырлары баһадүр жеңілмеген,
Ғұмыр кешкен қайтпайтын сенімменен,
Бабалары шежіре сөз қалдырып ,
Балалары еңбектен ерінбеген.
Қайырмасы.
Жабырларын жүйрікке санамаған,
Дүлдүлдерін әспеттеп, даралаған,
Достарыңның көтеріп мәртебесін,
Дұшпанының жүрегін жаралаған.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу