Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  151


Автор: Бірғали Байекеев

ҚАЗАҚ ЕЛІ

Тәуелсіздік – бар бақыты қолдағы,
Бірлік, достық – бұзылмайтын қорғаны,
Көк байрағы Күн нұрына шомылып,
Жарқын іспен жарқыраған жолдары.
Қайырмасы:
Арайланған аспаны,
Бөлінбейтін бастары,
Таусылмайтын дастаны
Жалындаған жастарыҚазақ елі осындай.
Қалғымайтын қашаннан да қыраны,
Жарқын өмір – жаңылмайтын ұраны,
Ар мен намыс – қасиетті тұрағы,
Туған тарих – сарқылмайтын бұлағы.
Қайырмасы.
Шұғылалы бүгіннен де ертеңі,
Мекендеген, байтақ өлкені,
Ұлдары бар өсіп жатқан өркені,
Қыздары бар көркемдердің көркемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу