Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  79


Автор: Бірғали Байекеев

ҚАРАТАУ МЕН АЛАТАУҒА ОРТАҚ ҰЛ

Отпан – тауда
бұйра-бұйра бұлт көшіп,
Шың басында
Ақ желектер шықты өсіп,
Баурайдың
бұлақтары күрсінген,
Құпиялау
Тіл қатысты тылсыммен.
Шатқалдардан
жамырады жасыл үн,
Қайран менің
қайда кеттің, асылым?
Дәл осы сәт
Тұспал еттім ойылға,
Кемел ұлын
Кеңсай алды қойнына.
Ақ бұлт жапқан
тау егіліп жылады,
Туғн ұлы
Қыршынынан құлады,
Алатауға
басу айтты Қаратау,
Ішін тартты
Сарқылғандай бұлағы.
...Отпан-тауда
Өсіп-өнген Нұн едің,
Ғылым үшін соғып еді жүрегің,
Қара тау мен
Алатауға ортақ ұл,
Ұмытпайды
Есіміңді ұлы елің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу