Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  66


Автор: Бірғали Байекеев

ЭКСПРОМТ

Менің далам! Сенің балаң барлығы,
Сезілмейді пейіліңнің тарлығы,
Бөленемін мол бақытқа әр күні,
Ойша шолып да арғыны.
Сағат сайын мен шаттықтан тасамын,
Перзентіңді дарқан етіп жасадың,
Бұл тірлікте керегі жоқ тасаның,
Достарыма құшағымды ашамын.
Пейіліңнен көктемдейін гүл атам,
Жүректері жылыларды ұнатам.
Қорлық көріп, жылағанды жұбатам,
Ата берсін шуақ құйып бұла таң.
О, туған жер! Топырағыңда көктедім,
Өзің болдың жастайымнан өпкенім,
Сенің арқаң биіктерге жеткенім,
Бұл өмірде еш арманым жоқ менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу