Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  76


Автор: Бірғали Байекеев

Шөл дала. Сусыған құм. Лағыл аспан...

Шөл дала. Сусыған құм. Лағыл аспан,
Күн сүйіп, шуағынан жадырасқан.
Мәз-мәйрам мұртын ширап шопан-ата,
Беттеді отарына жамырасқан.
Өрістің сәуір-сұлу сәнін ашқан,
Әнәугі ақ тақырдың табы қашқан.
Құмдауыт көк шыланған адыр жонды
Жағымды жас төлдердің әні басқан.
Келмесе, қыр өмірін танымас жан,
Жол тартпа жігеріңді жанымастан.
Иітер игілікті-осы жайлау,
Талайдың жарқыратып бағын ашқан.
Шағылға түс әулеті сағым асқан,
Сазына қара торғай тағы басқан.
Дегендей төзімділік, төзімділік,
Теңбіл көк теңселеді адыраспан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу