Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  110


Автор: Бірғали Байекеев

ЖАЙЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ

Асығып тағы келдім, арма жайық
Өзіңде бір сұлулық бар ғажайып.
Ескі әуен еске оралды ғайыптағы:
«Су көйлек қойып едім талға жайып»..
Бойымда буырқанып жыр қызынды,
Ақ Жайық, ару Жайық бұр жүзіңді.
Өзіңе ғашықтықпен келіп жүріп.
Өзіме ғашық еткем бір қызыңды.
Қалайша қарамайын құмарланбай,
Шырайың шыңға шабыт шығарғандай.
Жағаңнан сапар шегіп кетсем жырақ,
Көңілсіз күй кешемін сыңар жандай.
Жүздіртсем ой кемесін айдыныңда,
Ұмытам уайым мен қайғыны да.
Жағаң тал, жамырасқан жасыл тоғай,
Алыстан алақанын жайды ұлына.
Армысың, ару Жайық күлімдеген,
Толқының сезімімде дірілдеген.
Тұңғиық тереңіңнен сыр іздеген,
Жыр тыңда өзің жайлы бүгін менен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу