Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  74


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

Мезгіл озды. Тәуелсіз заман келді...

Мезгіл озды. Тәуелсіз заман келді,
Дербестендік. Ол бізге жаман ба енді?
Шетелдік инвесторлар көмегімен,
Жайнай түсті жан-жағың,
Бәрі өзгерді. Кешегі мен қазіргі ара қашық,
Атың озып, алысқа бара ма озып...
Қанат жайған құрылыс қарқынымен,
Секілденер кеткендей дала қашып.
Өркен жайып істерің неше керім,
Бар бағытта еңбекті еселедің.
Әр үйдің төбесінен нұр шашырап,
Бақ көмкеріп, көркейді көшелерің.
Жөн шығар өз өңірін түлеткені,
Жаңғыртып, жасыл желек гүл еккені.
Жылнамасын жырменен жазып жатыр,
Жаңа аудан-Түпқараған түлектері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу