Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  102


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ДАРА ШЫҢ

/Абай Құнанбаевқа/
Шабыттың шалқар, мекені болған дана ойдың,
От ескен жыры ғашығы болған талайдың,
Есімін Абай ғасырлар арғы жағынан,
Лапылдап тұрған жанартауға мен балаймын.
Қараңғы қазақ табанда талай тапталған,
Мұң буып жанын, көз жасын тыймай ақтарған.
Жарыққа бастар жаңа бір жырлар туындап,
Кеудесін ақын тасытып алға ақты арман.
Санаға сан ой, бойына асау кек түнеп,
Ел үшін қам жеп, қайғысы оның кетті үдеп.
Алысып мыңмен, жауына көзін алартқан,
Алмастай жырын оқ етіп тынбай төкті кеп.
Өтсе де мезгіл алыстап әсте ара шын,
Өлмейтін сөздер қатады бүгін жаңаша үн.
Дарынмен асқан астасқан өршіл тұлғасы,
Ұлылығын қазақ пәш етер мәңгі дара шың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу