Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  63


Автор: Серікбай Бердияров

Жақындатып,жақындатып жаныңа...

Жақындатып,жақындатып жаныңа,
Жеме-жемде жолатпайсың маңыңа.
Содан болар асқаралы байламым,
Екі айрылды досым бекер налыма.
Істелінер жұмысымыз байланып,
Елге бірге көрсетеміз қолғабыс.
Дегеніміз құры босқа жел қапты.
Ойымдағы ізі ғайым алданыш.
Мен түсініп,мен ұғынып болғанша,
Жүрілетін тоқталатын жол қанша.
Ұзарарын,қысқарарын білмеймін.
Бәрі бекер,бәрі болды жалғаншы.
Дегенменен үмітімді үзбеймін,
Саулық болып ниетіне біздейдің.
Құдай беріп қалатындай күн туса,
Біразыңды жан бітіріп тіздеймін.
Көзге шұқып дұрыстықты көрсетем,
Өткен кеткен өкінішті өлшетем.
Қастасатын аяғында зілім жоқ,
Тыныштықпен көмкерілсін ел шеті.
Лайымда сенен құдай сақтасын,
Бүгіндері шарықтаған шақтасың.
Тіршілікте екі түрлі ұғым бар,
Бірі таза,бірі жатыр баттасып,
Тауық ғұмыр несібені шашқасын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу