Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  123


Автор: Серікбай Бердияров

Еңбегін елге өткізген...

Еңбегін елге өткізген,
Даламды дүбірлеткізген,
Алдыңғы толқын ағалар
Үйренгендерім тек сізден.
-Күл де, жүр,- дейсін үнемі
Жақсы көретін іні едің,
Жетістік болса бойымда
Сіздердің қабыл тілегің.
Қиыршығымды- тас- дедің,
Жаңылысымды- жас- дедің,
Кезі келгенде ұят-ай
Жалы да биік- бас- дедің.
Қайсы да бірін айтайын,
Ақталса екен байқауың.
Арғымақ баптап жатқандай,
Түсінсем ішкі айқайың.
Тиісті мынау тиіссіз,
Аласа әлде биіксіз,
Құдірет өзі бағамдар.
Білерім құлай сүйіпсіз.
Шаншылып қалды көгімде
Ақыл кеңесің төгілген
Тамыр қатайып келеді
Зиян таппайсын тегінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу