Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  115


Автор: Серікбай Бердияров

ӨЗГЕЛЕР

Өзгелерді алғандай бағындырып,
Бірен -саран иіксе шабыңды ұрып,
Жолбарысты айқаста сұлатқандай,
Жатқаныңа шаршадым ағын бұрып.
Замандас ең кешегі қасымдағы,
Мөр, кабинет,телефон, машинаны
Қолданғаның тіпті де әбес емес,
Ол әрине биліктің басым жағы.
Қолда барды жасату ақылдылық
Айнала жұрт атаса атыңды нық.
Түпкі ойдың шынайы тазалығы
Солай етпек қайда да батыл ұлық.
Қыйғылықтан шығатын қиынды көп,
Жүрген жайлар үнемі миымды жеп,
Орынсыздық туындап қалама деп,
Тістелеймін әрбірден тілімді кеп.
Бақ бергесін, бермесе берекетін,
Жасауына қауқарсыз төре кесім
Лауазымнан бастары айналғандар,
Ілгерілеу орнына керкетеді.
Пайдаланып аз күннің көлеңкесін,
Шығаруға талпын ба желең шешім.
Көптің ісін орынды бағаламау,
Түсірері айдан-ақ ел еңсесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу