Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  86


Автор: Серікбай Бердияров

Құзар шыңды қара бұлт мұнарлап...

Құзар шыңды қара бұлт мұнарлап,
Көздегеннен көрмесеңде ұғар зат.
Тіршілігім қараң қалды деместен
Қажетіңе іздестіргін ұнар зат.
Жарға келіп тірелседе маңдайың,
Менің мынау дейтіндей бол таңдауым.
Түсірмегін сәт қағымға еңсені,
Қайратыңа қарсы тұрсын сан дауыл.
Тұсыңдағы тұмшыланған көрініс,
Ойыншығы біле білсең серінің.
Дүниенің көзін таба білгенге,
Жат қылық деп есептеймін еріну.
Жинағаның күні-түні тырнақтап,
Болғанына қиналмағын құрғақтау.
Өз тірлігің өзіңдікі қашанда,
Жүрген жанда орталықта ыржақтап.
Міне, осылай қайшылықты қайшылап,
Аударамын, төңкеремін жай шылап.
Сын тақсамда өзгелерге мін тақпан,
Ертең елге бақ әперер тай шығар.
Саябырла дәрі ішіп алайын,
Кемпір ана жайылмапты жаялық.
Келін келсе ұят болып қалмасын.
Өкпелесе қалар бүйір таянып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу