Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  96


Автор: Серікбай Бердияров

Тап келсе де таланың күллі азапқа...

Тап келсе де таланың күллі азапқа,
Біткен іске сыншы көп бұл қазақта.
Тыныш ұйықтап жатсаңда төсегіңде,
Деуі әбден;”анда жат,мұнда жатпа”!
Иіс бармай тұрсада да мұрынына,
Ұрымталда тұрады ұрынуға.
Қайсыбірін ақылға шақырасын,
Соламайы малыған тілін уға
Сақалдысы түспейді аралыққа,
Көзапара жөн сілтеп қаралыққа.
Ақырзаман орнатып бір-ақ сәтте,
Айналдырып аспанды қара бұлтқа.
Әдеп қайда кешегі,тәлім қайда,
Дұрыс сөзді ағайын қабылдай ма?
Кешегіден қалған сөз,үлгі,ұлағат.
Келмей жатса,қайтейін,әлі ыңғайға.
Бабалардың нұсқасы-ұлы,дана,
Бұйырса екен ұлыма,қызыма да.
Намазшамға ұйыған әкем сынды
Күн де құлап барады құбылаға




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу