Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  57


Автор: Серікбай Бердияров

Тіршілікпен жүргеніңде қым-қуыт...

Тіршілікпен жүргеніңде қым-қуыт,
Алдымызға талай келді жын қуып.
Төбе шаштың тікеюі сондықтан,
Қайбір іспен беттесуің тым суық.
Қаралайын көзі құрғыр шатынап,
Шапқанда қан шырқырайсын басыңа.
Араздассаң өзің ғана шаршайсың
Ашу дұшпан кеп тұрады қасыңа.
Қарғысыңды тауыспайсын жаудырып.
Айқай-ұйқай құры бекер даурығу.
Есеріңді есер демей не дейсін.
Жасырғанның айықса екен ауруы
Тірлігіңде көргенің көп болғанмен,
Жасағаның бос әурелік қолдан ем.
Түйінсізді түйірлі ете алмайсың,
Жіберілген қатеңізді шолған жөн.
Түртінектеп тапқаныңды таратып,
Бір жарының қызығын көр жаратып,
Өмір өте береді екен тоқтамай,
Қоюыңа лаж жоқ екен қаратып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу