Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  93


Автор: Серікбай Бердияров

Күндеріміз қуанышты, қайғылы...

Күндеріміз қуанышты, қайғылы,
Күнкөріске жетпегесін айлығың,
Үкіметтің түзеткені не керек,
Мысалыға тиесілі қаулыны.
Ұрыс-соғыс өз алдына тақырып,
Алпауыттар ымыраға шақырып.
Сол арада дегеніне көнбесе,
Ортасына түсіреді шатырын.
Ақша байлық құрылымы үстемдік,
Ал болмаса ұстатыңдар ішкенді,
Қаражатты сауығуға жұмсаңдар,
Мезгілімен ажырауда істен мың.
Көше толы шұбырынды шалдуыр,
Еркек,әйел көздерінің алды ірің,
Жетім бала, жесір әйел қаптады,
Шындығында алмағайып хал бүгін.
Көре-көре көзімізде үйренді,
Сөз етеміз ала шарын үргенді.
Санамызды сары уайым жайлады,
Қалай ғана түзулейін іргемді.
Осыларды толықтырып толымдау,
Мемлекеттік қызметтің қолында.
Тиістілер түгелінен білгенмен,
Бірақ соны қиын боп тұр орындау.
Бірдеме айтсаң сілімтіктер соңыңда,
Таспа тіліп жібереді жоныңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу