Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Серікбай Бердияров

Жек көрсеңде бірлі жарым адамды...

Жек көрсеңде бірлі жарым адамды,
Сөз шығындап түсірмегін бағаңды,
Аяғанмен құлазыған көңілді,
Түйірісін есте ұста қоғамның.
Өкпелесіп,
Ащыласып арбасып,
Кімге керек жағалыққа жармасып.
Тумысында табиғасы тәуелді,
Көбейеді азаяды жан басы.
Неге? неге?
Өресіздік,
Өміршең,
Дегеніңмен айыбымыз ең үлкен,
Қай заттыңда байыбына бармаймыз,
Ретінде көрсететін көңіл кем.
Жүрегіңді ауыртқанда шымшылап,
Қайдалайсын амал ада күн шуақ.
Сықырлаған сары аязда қалғандай,
Жауаптассаң қылтияды мың сұрақ.
Бұл арада өліп-тіріл у жала,
Кер кетеді орынсыздау тулаған.
Кейде тіпті мен де жұмыр пендемін.
Біреулердің өсегіне иланам.
Құланымыз құламасын құдыққа,
Адам болса жер жастанбақ ұлықта,
Ел қатарлы өмір сүру арқылы,
Су ішуге әрекеттен тұнықтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу