Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  68


Автор: Серікбай Бердияров

Отырғанда өткеніңді саралап...

Отырғанда өткеніңді саралап,
Ойды-қырды тыныстайсын аралап.
Шындығыңды төстігіңде шыңдасаң,
Тиянағың сол кезде сеп қараға.
Игергенің икеміңе көнбесе,
Төбеңізден жауар бұлттай төнбесе,
Сөзде қуат, істе тұрақ болмайды,
Кәне мінді өзің біліп жөндесең.
Әуейілеп елікпейік бос дауға,
Ұтыламыз-ұтылмаймыз қостаудан.
Көрмеген жер тұманды боп келеді,
Әлің келе бермесін біл жасқауға.
Өз бетінше биігіне өрлеген,
Өтелімін қауыштырған терменен.
Ұтылсада бірлі жарым жерлерде
Жігерді айт қарсыласып бермеген.
Түбі қайыр дей алмаймын егестің,
Есебіңіз әділ айғақ көмекшің.
Кемшілікті көре алған жағдайда,
Көріністен арыласын көмескі.
Қолда барға етпеңіздер қанағат,
Тұйықталып іс қалады томаға,
Білмегеннің ой шұқырын іздейік,
Тірелмесін тұйыққа кеп жамағат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу