Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  133


Автор: Серікбай Бердияров

Ес кіріп еңбек жолын бастағалы...

Ес кіріп еңбек жолын бастағалы,
Ешкім кеп көже-суын тоспағанын.
Ешкім кеп, мынау көмек дүние деп
Сабақ жіп, айтқаным жөн қоспағанын.
Кешегі шапқылаған қара бала,
Талқажауға таңылып ара, ара да,
Жасағаны көңілге қонымды боп
Сіңе берді ортаға бара-бара
Біртіндеп азаматтар қасына ертті,
Бастағасын жұмыстың басын епті.
Жүргенімді бағалап дұрысына,
Түсініскен туыстар жақын етті.
Демейін зиялылар мені тапты,
Адамдар жетіп жатыр діні қатты.
Ондайдан сақтануға тура келді,
Кей жерде тәжерибе кемі батты.
Бүгінде денім таза, басым аман
Көңіліме жаққанды қасыма алам,
Жақсылардан алғаным қойғаныммен.
Үйретуге бойдағы барын салам.
Болмайды халық түгел ғалым, дарын,
Іріктедім ішінен жалын барын.
Көпшілікке үкілеп көрсеткенде,
Мақтан тұтам ісімен танылғанын
Қасиет осы қалған қанымдағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу