Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Серікбай Бердияров

Өлең жазамын...

Өлең жазамын,
Жан тәнімменен беріліп.
Қамшыгер ескен қайыс белдікше өріліп.
Қажет жерінде Ақын киеге табынып,
Күзгі жемістей жинақталамын теріліп.
Өлең жазамын,
Жазмыштан, озмыш жоқ деумен
Қайдан ойласын, ішіңдегіні доп кеуде,
Тауға шығамын, таяныш жігер қайратым,
Жерге түссемде барға тіреуіш от кеуде.
Өлең жазамын,
Билік пен байлық туралы.
Қасиетсізі сусыған балық судағы,
Айтқан сөзінде пәтуа бітім болмайды,
Шүйкедей басты жанға батады улауы.
Өлең жазамын,
Болса екен деп ар-ұят
Төрде отырған,маслихат етсе қария,
Сөзді тыңдаса отырған қалың көпшілік,
Жарасымына толмай ма көңіл дария.
Өлең жазамын,
Сезінсе екен деп адамдар,
Ауыз тигендей, қолдан жасалған тағамнан.
Бір жұтым судың қасиетіне жүгініп,
Еркіндік күтем,жұлдыздай аққан заманнан.
Өлең жазамын,
Шықса деп жақсы ортаға,
Қара ниетті аян етемін баршаға.
Қасқыр жортуыл күні-түнімде үнемі,
Түрімді көріп шошымаңыздар шаршаған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу