Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  152


Автор: Серікбай Бердияров

Үлкен кісі немересін иіскеп...

Үлкен кісі немересін иіскеп,
-Көкешіме таяқ жейді тиіскен,
Көкеңізді танытамын,- деп жатыр.
Шаңнан шашты ажыратып үйіскен.
Мұрнын тақап еміреніп қояды,
Діңі құшақ бәйтеректің саялы.
Елжіреген қарап тұрып түріне,
Жүрек лоблып кеңірдекке таяды.
Елден ерек қылығымен төс ұрып,
Үлкен ата жақтағанға есірік.
Әкесіне шешесіне доқ қылып,
Қарағанын қызықтадым тесіліп.
Орындалып соған ата мақсаты,
Қалтасынан шығаруда ақшасын.
Мұншалықты кеткендігін беріліп,
Айтатұғын әлемде жоқ тап басып.
Тәрбиенің кемістілеу жақтарын,
Қарайладым деп отырсам ақтарып.
Немерем кеп сонодайдан менің де,
Жатқандайын тепсінеді от қарып.
Көзім дымқыл,
Өңім шым-шым
Кете қалдым беріліп.
Ақсақалда жүр демеңіз ерігіп,
Немерелі болған ғана біледі,
Сезімінің тұтандырып көрігін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу