Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  70


Автор: Серікбай Бердияров

Бекет ата әруағыңа сиынып...

Бекет ата әруағыңа сиынып,
Елеместен замананың қиынын.
Мешітіңе елі жұртың келуде
Келбетінде ұялаған жылылық.
Мүмкін емес түгелінен жеткізіп,
Түптегенде сізге деген бет түзу.
Қорыққанда, қуанғанда алып жүр
Жаңалығын алдыңыздан өткізіп.
Арқасүйеп, медет тілеп жарылып,
Бекет дейді, тұрғандар да тарығып,
Бекет дейді, барлар, байлар, басшылар.
Бекет дейді, қаймықпайтын нар ұлың.
Құтыламмен сұғындырма айладан,
Елді көрдім сенімдерін байлаған.
Шаранадан,қарт анаға дейінгі
Құдіретіңе бас июде ойлы адам.
Неткен керім биік едің адалдық,
Хақ жолында бола білу табанды.
Тірлігіңнің жасалынған өтемі,
Шарықтатты жер бетіне бағаңды.
Аллаға аян жалғыз дара көреген,
Зияратты сұрамайды төреден.
Ерік, жігер түгелімен егемен.
Толығынан сый сияпат зеремен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу