Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  52


Автор: Қалбай Әбдіраманов

БАҒА

Біреулер тиын көрер, сыйын көрмей,
Біреулер бұйым көрер, жиын көрмей!
Біреулер әдейі кеп мал базарға,
Есектің күшін көрер, миын көрмей!
Сыйлайды біреу қарап шапаныңа,
Жалақыңа, қызметің, атағыңа!
Біреу сенің қарайды төменіңе,
Біреу сенің қарайды жоғарыңа.
Жоқ базарда ар-ұят, жүз дегенің,
Бәрі сонда үзгенің, үзбегенің.
Анау керек біреуге, мынау керек,
Әркім табар өмірден іздегенін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу