Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  72


Автор: Қалбай Әбдіраманов

КҮНДЕГІДЕН,ҚАРАҒЫМ, ЖҮЗІҢ СУЫҚ

Қызғанады біреулер әлденесін,
Сен де,сұлу,кемді күн сәнденесің!..
Ақ найзағай төбеңнен соққан кезде,
Бір білесің өмірің мәңгі емесін.
Жаншы бүгін,көңілімді алшы бүгін,
Аман-есен бармысың,талшыбығым!
Келем десең өз еркің өз қолыңда,,
Кетем десең жоқ оған қарсылығым!..
Бар көктемнен өзгеше мына көктем,
Жолаушыға қараймын қылаң еткен.
Күндегіден,қарағым жүзің суық,
Арамыздан сияқты жылан өткен.
Ана жерді қар жатыр...
мақтаға орап.
Жылан жылжып барады қаққа қарап.
Жарты ғалам жақсылау түс көреді,
Астындағы сұлтанның таққа қарап!..
Жаймашуақ әлемді көрікті еткен,
Жапыраққа жан кірді келіп көктем.
Алжыған шал баяғы қыз күйінде,
Құрбыларын көреді...өліп кеткен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу