Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  61


Автор: Қалбай Әбдіраманов

БАР ШЫНЫМ ОСЫ...

Басыма қонған бақыттан жүзім нұрланып,
Өлеңіңді оқып,отырдым оймен ырғалып.
Көгіне,шіркін,шыңырап шықса дедім мен,
Өрлігі менен сыпайылығын бірге алып.
Аңсаған арман жеткізер талай өрлерге,
Ататын аң көп мергенге.
Бар шыным осы,бас иіп өттім,аяулым,
Ұлылық пенен кішілік көрген жерлерге.
Жаспыз ғой әлі,
Қайтеміз жырға өлшем боп,
Жырымда мынау кемшілік деген көрсең көп.
Аппақ қағазда кірпіктерімнен із түсті,
Махаббатымды қалайша сөйлеп берсем деп.
Қанатын жайып қалқиды көкте қыран құс,
Халқымның титтей інішегімін тіл алғыш.
Әрқашан мені жеткізер деймін биікке,
Аман-сау болса өмірге деген құмар күш.
Сапарға шықпас ақындар арман етпесе,
Лапылдап барам қолдарымменен от көсеп.
Бетіңнен алған үміттенбеуге болады,
Ұйқыңды көзден серпуге күшің жетпесе...
От пенен жалын өлеңнің әрбір қатары,
Сөз дегенің де жүректен шығып жатады.
Жырыңа біреу сенбеймін десе: лапылдап,
Қанатымды басқым келеді,
Жанатын отқа...
жақындап!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу