Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  69


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Тұрам ылғи жұтынып жанарыңа...

Тұрам ылғи жұтынып жанарыңа,
Өмiрдiң тамашасы:
Қыздардың қара көзi,
Жүрегiмнiң жалыны,
Жанымның арашасы,
Сау болыңдар,
Қыздардың қара шашы!..
Жанып жүрмiн жүректiң өртiменен,
Жазайын еркiн өлең!..
Мен мұңайсам мұңайып махаббаттан,
Ауырамын қыздардың дертiменен!..
Сәлем саған,
Жасыл бақ,
Көрмеген бұрын көптен!
Жалын ерiн,
Жанымды дiрiлдеткен!..
Сенен өткен дару жоқ,
Жалыннан жалын шықсын!
Сендердiң оттарыңа,
Өртенiп...жаным шықсын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу