Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  64


Автор: Қалбай Әбдіраманов

АЯМАЙСЫҢ-ӘЙ!

Мен сені ұнатамын,
Сен бірақ менсінбейсің.
Қолыңмен жаққан отқа,
Өртеніп өлсін дейсің!
Қараймын үміт пенен,
Қараймын ажарыңа.
Көнемін қайғың менен,
Көнемін азарыңа.
Сен маған үлкендейсің,
Мен саған титімдеймін.
Ізіңнен еріп жүрген,
Аңшының итіндеймін!
Әр күні жүрегімді,
Қинайсың асып-атып.
Тастарға сүйрелейсің,
Қанымды шашыратып.
Тамшылап қызыл қаным,
Боядым тастың бәрін.
Мен сенің тағаланған,
Өкшеңнің астындамын!
Құлыпта есігіңді,
Айнаңды жауып таста!
Қойғанша ақіреттеп,
Басымды шауып таста!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу