Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  97


Автор: Оңайгүл Тұржан

БАЛАЛЫҚ

Келді тағы күзің, міне,
Келін болдың.
Шәй құйдың.
Өзге әнің үзілді де,
Сазын салдың әлдидің.
Жастық дәурен тосты бәрін,
Арман деген кемеде ек.
Жылдар бізден достық әнін,
Ала қашар демеп ек.
Ауылыма талай келдім,
Сарқып салқын төзімді.
Топ қыздарға қарай бердім,
Іздеп сені.
Өзімді.
Топ балаға мекен болған,
Біз ойнаған қырат, қыр.
Балалық тез кетер қолдан,
Оған бір сәт құлақ түр:
Кездеспеген күндеріміз – үнсіз.
Мұңлы сұрақ бұл.
Кездеспеген жылдарымыз,
Теріс қарап жылап тұр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу