Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Оңайгүл Тұржан

Күндерім мынау – көшпелі...

Күндерім мынау – көшпелі,
Тарихтың желі соқ алдан.
Шындықтың жаяу әскері,
Лап қойды жылнамалардан
Керенау жылдар үзіліп,
Жаңа заманым
Тартып бір мінді ат жалын.
Тарихтың том-том кітабы шықты тізіліп,
Сарбаздарындай
Томирис сынды патшаның.
Тарихтың тасын ойған кім,
Маңғыстауда
Адайлар шыңырау қазғандай?
Шабылған басыңды
Орнына қайта қойған кім?
Дүние
қарай қалды ғой қозғалмай.
Күш қайда енді бөгейтін,
Томиристен Кир патша да жеңілген.
Сақтардың рухы жебейтін,
Қазақтың тілі,
Түрегел енді кегімнен.
Есіңде бар ма талқан-ой,
Тарыдай қашпай тұра тұр.
Адыра қалып арқа-бой,
Көміліп қалған мына тіл.
Шайнап та тастап
бодандық атты бұйданы,
ырзығы болып жиғаны,
сенің де бодан-заманға,
қойың сиғанмен,
ойың симады.
Сақ деген атын сақтаған,
Әділдік іздеп ақтаба,
Дунай мен Қаптың тауына
Жетіп бір әрең тоқтаған.
Сол заман бүгін тірі әлі,
Сандықтан шықты жыр-әні.
Жарты әлемді алып тұрғанын,
Дәлелдейді бұл Тіл әлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу