Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  421


Автор: Оңайгүл Тұржан

НАҒАШЫ АТАМ НӘСІРҚҰЛ

Талай сөзің ел ішінде,
Айтылады әлі күн.
Асыл сөзің мен үшін де,
әрі қызық, әрі мұң.
Қазір сол бір кезің елес,
Сөзбен елді бұратын.
өзгелерді өзің емес,
мысың басып тұратын.
Сол күндерден бастау алған,
Келіп-кетті отыз күз,
өзің жүріп тас қалаған,
сол жұртыңда отырмыз.
Жалау қылып көтергенің –
Шаттық.
Ол да сынды мың.
Бір Ізтұрған - әкем менің,
Ол да жапты түндігін.
Қабір деген тар мекенді
Көрпе қылған сан кие,
Саясына алды әкемді,
Анау Қамысбай әулие.
Жетелейді төзім де алға,
Ой деген бір жегі ғой.
Ақсындар да өзің барда,
Тұрмыс құрған еді ғой.
Елге сыйлы жездеміз бар,
Аты – Сәбит бірақ та.
Бала-шаға, өзгеміз бар,
Өтіп жатыр күн-апта.
Сәбит жездем – ел билеген,
Жүрегі күй-домбыра.
Асыл сезім әлдилеген,
Бағы апамның жанды да.
Кетті талай көктем, күз кеп,
Бейнең естен кетпей жүр.
Ал Сәбитке:
- Атыңды өзгерт! –
деуге батыл жетпей жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу