Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  75


Автор: Оңайгүл Тұржан

ӨТПЕЛІ ЕКЕН ҒОЙ

Ібжан атамыз сексеннен асып,
Санайтын іштей күз бен көктемін.
Аяйтын сосын түздің кептерін.
Отырушы еді:
- Кетем мен де, - деп -
- Мың жасайтұғын құзғын деп пе едің?
Әйкіш кемпірі – атышулы еді,
Сексенге келсе де жігері мық-тын.
Отырушы еді ескі радиодан,
Баяндамасын тыңдап Брежневтің.
Екеуі де енді жатыр бүгінде,
Қара Нұраның оң жағасында.
Әуес келіні – ол да қасында.
Өмір дегенің өтпелі екен ғой,
өтпелі екенін аңғарасың ба?
Сұрадым барып құба жалдан да,
әкемді әкеткен сұр ажалдан да.
өтіп баратқан адамдар ғана,
келеді екен ғой мына жалғанға.
Күн мен Айдан ғалам даласын,
Қоя салыпсың.
Ғажаптарын-ай!
Мұң мен Ойдан адам баласын,
Оя салыпсың, Жаратқаным-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу