Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  66


Автор: Рахат Қосбармақ

ЕСЕКДӘМЕ

Барлық халық оқитын,
Салқам шайыр болмаспыз, ә, біз бәлкім?!
Шайыр біткенді тотитып,
Қу боп алған қыздар тым.
Барлық ғаріп бас иер,
Байтақ ақын бола алмаспыз мүмкін біз.
Шынашағын шошайтып,
Шай құймас та сылқым қыз.
«Алдап кетер кез-келген
Ақын біткен ақымақ» деп кім айтты?!
Ащы әзілі ет жақынның көз көрген
Ақ теректі мұңайтты.
Қу кеудеме құйғансиды жылу қар,
Құшақтамақ болар мені – ол аз ба?!
Жапырақ-жапырақ мұңым бар
Жарты жапырақ қағазда.
Қу көңілді жүдетіп,
Құлағымнан кетпей қойған сыңғырсың.
Кінәсіздеу кірпіктері дір етіп,
Жырым бұлттың жыртығынан Күн күлсін!
Бағасы зор басымның,
Титан тұлға бола алмаспыз, кім білсін?!
Бірақ соңғы Ахиллесі ғасырдың
Біз боламыз!
(Білгін шын).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу