Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  61


Автор: Рахат Қосбармақ

ЗАУАЛ

Ақымақтай әруақтан зат ұрлаған
Ақыр түбі жынданады бұл ғалам.
Бақсы-биге басып сонда барлығы,
Жақсы күнге жақындайды бір қадам.
Мызғымайтын мрамордай шындығы:
Мына ғалам жынданады бір күні.
Күптей болып көзі іскен Күн төбеден
Күл шашады ажал аңсап ындыны.
Жауыз тістер,
Жағыңды жап, зарлама!
Жарық нұсқар жалғыз соқпақ сол ғана:
Аман қалмас ақ қарғысқа жолыққан,
Арсыз қолдар, алақан жай Аллаңа!
Ал шулаңдар!
Ұқсас үндер, ұлып бер!..
Талқан етер тау-мүрдеңді қылып төр;
Тәжім етпей киесіне Тәңірдің,
Тәуекелің мықты болса, тұрып көр!
Жалпақ ғалам жан біткенге жауығар,
Аз күн қарны тойынса да ауырар
Ей, пенделер,
Сананың да сауын ал!
Жын қақтырған өзің ең ғой,
Ал енді
Жылдам жазар емін де өзің тауып ал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу