Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  75


Автор: Рахат Қосбармақ

ҚЫРЫҚ ЕКІ

Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркерден
Басқа жұлдыз танымайтын бала едік.
Бата алдық та Үркерден де Үлкеннен,
Көп жұлдызым сала берді көнеріп.
Ашатаяқ «А»-дан өзге қаріпті
«Таяқ-ау» деп танымайтын тас ми ек.
Арқасында қырық екі әріптің
Қыздарға да хат жаздық қой бас сүйеп.
Кері бетін көрсетеді кей өңір,
Жазира-жер жайқалтпастан желегін...
...Қырық екі қыртысыңды,
Ей, өмір,
Оңдырып бір оқи алмай келемін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу