Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  95


Автор: Рахат Қосбармақ

ТАСАТТЫҚ

Құйшы, қара нөсерім!
Шерменделердің шерлі көңіліне жас боп құй,
Тасжүректердің тағы көзіне тас боп ти!
Жауыздық сонда «Мамалап» тұрып жыласын,
Көзінен аққан қанды су жүзіне салып жырасын.
Құйшы, қара нөсерім!
Құныққан құмық-аранға құп-құрғақ қара құм боп құй,
Жылаған жетім көңілге жып-жылы ғана жыр боп құй!
Ақкөңіл-арық сонда бір асырын салып ойнасын –
Ағызып суға арам жүректің қоқысқа толы қоймасын.
Құйшы, қара нөсерім!
Топан боп алшы тоқтамай, әлемнің төрткүл бұрышын,
Тізіліп ағып кетсін бір тірі жүргендер күні үшін.
Тек қана жалғыз тілегім:
Телегей жерді алса екен,
Екінші Нұхтың кемесі тесілмей, аман қалса екен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу