Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  125


Автор: Рахат Қосбармақ

Өлең өлең бола ма –

Өлең өлең бола ма –
Өртемесе өзекті?!
Өмір дейтін, жан аға,
Өңез тірлік мезі етті.
Көкірегіме күл толды,
Көрінбейтін күш құрсап.
Көкмұрын боп жыр тоңды,
Қанаты сынған құсқа ұқсап.
Адам адам бола ма –
Өртенбесе өзегі?!
Көңіл бір күн, жан аға,
Сілкінерін сезеді.
Қарап тұрсаң былай, ә,
Бәрі өзгере береді.
Көктем сайын, Құдая,
Ғашық болғым келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу