Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  85


Автор: Рахат Қосбармақ

АҢСАУ

Жайқалған жауқазын гүлдей,
Жайнаған жап-жарық күндей
Жаным-ау, жүрдік қой өмір
Жарқ етіп өтерін білмей.
Жазылмас жараны салдың,
Жабырқап жалғыз мен қалдым.
Жаныма мұң сыйлап әр күн,
Жабығып жағаға бардым.
Қайырмасы:
Қайдасың, ғашығым?!
Қаракөз асылым.
Қасымда сен жоқсың,
Қамықтым, жасыдым.
Сабылтып сары сағым,
Сансырап, шаршадым.
Сезімім сел болып,
Сені іздеп, аңсадым.
Шалқыған көрікті көлден,
Аңқыған ақ самал желден
Өзіңді іздедім, жаным,
Өмірде бір жүрген жерден.
Басымнан көшкендей бағым,
Жасымнан өшкендей жалын.
Қайғыда қалдырып мені,
Қай жақта жүрсің сен, жаным?!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу