Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  230


Автор: Рахат Қосбармақ

ІҢКӘРІМ

Мен сенің ғашық болдым жанарыңа,
Жарқ етсе, жаның тыныш қалады ма?!
«Жаныңды мұң баспасын, жарығым!» деп,
Қараймын қайта-қайта қабағыңа.
Қайырмасы:
Көңілімнің әні,
Нұр-таңым менің,
Өмірімнің мәні,
Іңкәрім менің, жаным!
Күйдіріп, қылығыңмен қызғандырдың,
Сүйдіріп, жүрек шөлін жүз қандырдың.
Көшпейтін көңілімде көктемдей боп,
Өшпейтін өмірімде із қалдырдың.
Қайырмасы:
Жүрегімнің гүлі,
Лағылым менің.
Көңілімнің күні,
Жалыным менің, жаным!
Ғашықтық – ғаламат бір күйік екен,
Көңілі сүйген жанның биік екен.
Ел сені не десе де, о десе де,
Мен сені өмір бойы сүйіп өтем!
Қайырмасы:
Көңілімнің әні,
Нұр-таңым менің,
Өмірімнің мәні,
Іңкәрім менің, жаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу