Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  101


Автор: Рахат Қосбармақ

ӨКІНІШ

Арманым жоқ-ты, асқарым,
Парызымды тек өтесем.
Бақытын тілеп басқаның,
Не қызық көрдің,
Әке, сен?!
Өмір атты бір қысталаң
Жуырда бітпес жол шектік.
Сол жолда, Әке, біз саған
Қандай бір қызық көрсеттік?!
Ери ме көңіл мұз-шері,
Еріте алмайды екесің.
Бір мәрте болсын, біз сені
Қуанта алдық па, Әкешім?!
Жарқырап атпай ақ таңың,
Жаның бір шомып буалдырға;
Жиырма жыл төсек тартқаның
Жетпеді ме екен тағдырға?!
Кім өлтіре алар өрлікті –
Қалықтай берсең қыран боп?!
Емен едің ғой ең мықты,
Ойладық па біз «құлар» деп?!
Фәни-дүниені тәрк етіп,
Күңіренді жылап күндіз көк:
Аңғармай қаппыз жарқ етіп,
Ағып түскеніңді жұлдыз боп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу