Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  139


Автор: Рахат Қосбармақ

ТЕРМЕ

Өзендер ақпайды –
Бастауы болмаса.
Бір ғұмыр тоқтайды –
От-жүрек жанбаса.
Қос жүрек қосылмас –
Сүймесе, күймесе.
Шешендер тосылмас –
Серпіліп сөйлесе.
Мұхиттар туламас –
Өр дауыл соқпаса.
Дұшпан да тумалас –
Араздық тоқтаса.
Бәйшешек гүл атпас –
Тұқымы піспесе.
Ұлын ел ұнатпас –
Додаға түспесе.
Қасірет улайды –
Қуаныш қонбаса.
Ақын да тумайды –
Анасы болмаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу