Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  100


Автор: Рахат Қосбармақ

БАЛДӘУРЕНДІ АҢСАУ

Мен өмірдің өлшемін тар ұғып ем,
Асыр салып, теретін дала гүлін;
Аттай шапқан уақыт арынымен
Қыр астында қалыпты-ау балалығым.
Жатпайтұғын бағалап өмірімді –
Жастық пенен қарттықтың ара құнын;
Алыстатты уақыт со бір күнді,
Сағым болып барады балалығым.
Жатпайтұғын бағалап, бас ауыртып
Жақсылық пен жамандық аралығын;
Алыстады жанардан жас ағылтып,
Аңқылдаған алаңсыз балалығым.
Алдымда әлі асар бел, жасар іс көп,
Уақыттың кешермін әр ағынын.
Қартайсам да мен өзім жасамыс боп,
Қартаймайды базарлы балалығым!
Азаматтың алдында асулар көп,
Атан жүгін артады дала бүгін.
Жанарымнан жарқылдап шашылғанда от,
Балдәуренмен туыс боп қалады ұлың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу