Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  125


Автор: Рахат Қосбармақ

Адамдар, аялаңдар –

Адамдар, аялаңдар –
Жүдеп кеттім.
Жүдеп кеттім –
Ықыласын тілеп көптің.
Адамдар, аялаңдар –
Азып кеттім.
Азып кеттім –
Қайтыпты, қажыпты екпін.
Адамдар, аялаңдар –
Қажып қалдым.
Қажып қалдым –
Санамды қажытты әр күн.
Күледі қолын бұлғап,
Сонау шыңдар...
Сонау шыңдар...
Жастығымды оралтыңдар.
Оралтыңдар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу