👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  35


Автор: Темір МЫҢЖАС

ӨЛЕҢ ЖӘНЕ МЕН

Пендешілік ойларымнан арылып,
Өлең қазық, ал мен оған таңылып,
Отырайын мұзбалақтар ұшатын
Ардың аппақ шыңдарынан табылып.
«Ашу- дұшпан, ақыл-досты» ұстанып,
Жаз жайраңдап, көктем күліп, қыс бағып,
Отырайын өсек, өтірік, мақтаннан
Ұмытылып, саф алтындай тыс қалып.
Төсін ұрып, күбінгендер күбінсін.
Битін салып, жүгіргендер жүгірсін.
Менің белім, ақыл-есім, ой-санам
Ізгілікті арқалаумен бүгілсін.
Жалғандықтан, көрген қулық, сұмдықтан,
Өлең өліп, бұл күндерде шалдықты ән.
Құлағыма әлсін-әлсін жеткендей
Әуезді әуен, бабы кетіп қарлыққан.
Сөз алтыны жатқан сынды тапталып,
Даурықпадан біреулер жүр “бақ” тауып.
Жүрегімді жалындатқан отты жыр
Көсемесем бара жатыр шоқтанып...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы