Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  79


Автор: Темір МЫҢЖАС

ӨКІНІШ

Мизамбай ағамның рухына
Ауырғаның жатса дағы естіліп,
Мына інің танытпады естілік,
Күйкі тірлік қамыт болып мойынға,
Жүре берді ерте күнді кеш қылып...
Сен бар-ау деп көңіліне ілмеген,
Жоғалған соң опық жеген, іздеген,
Дүниеде мендей ессіз бар ма екен,
Бұл жалғанның жалғандығын білмеген?..
Айтарыңды жеткізе алмай толғап кең,
“Келмеді-ау” деп, сәлеміңді жолдап та ең,
Аға, кешір, алшаң басып жүрген соң,
Сені осынша тез кетер деп ойлап па ем?
...Жаралған соң тірлік-күрес басталар,
Мұңданармыз, кей күніміз қош болар.
Інілерім салмай кетті ат ізін,
Іздер бір күн, бірақ бәлкім кеш болар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу