👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  46


Автор: Темір МЫҢЖАС

ӨЗІҢМЕН БІРГЕ...

Өзіңдей кім бар
Алдымнан асқақтап шығар?!
Көзің бе еді ұлдар
Барғанда қашқақтап бұғар?
Сен кеткелі орының ойсырап, қартым,
Елесің қапты көгалда ат баптап тұрар...
Жан жоқтай қамқор
Құм басқан шарбағың жатыр,
Аруана аунар
Күл шашқан шаңдағың тақыр,
Төрт көзі түгел отырып, көлеңке баққан,
Мұншама неге болды екен ұлдарың пақыр?!
Ісіңді күйттер
Жоқ екен, қора жұтаған,
Үрерге ит жоқ,
Көз тұнар алабұтадан.
Қиюы қашқан тірлікті көргендер бүгін
Еске алар ылғи өзіңді, елге құт адам...
Қаусаған дүние,
Көргенім сөгілген ірге,
Дей алмады ешкім:
“Оңалар, көңілді бірле,”
Береке-бірлік, ер-намыс, бақ-дәулеттің де
Кеткенін білдім, қартым-ау, өзіңмен бірге...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы